Жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау — прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Түркістанның прокуратурасы жүргізген тексерулері нәтижесінде Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 3 мың га астам 80 жер учаскесі анықталып, оның 76-сы (көлемі 705,85 га) прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекетке қайтарылды.
Сондай-ақ кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй құрылысына арналған 293 (жалпы көлемі 127,03 га) жерді жалған құжаттар жасау арқылы заңсыз иемдену бойынша мемлекетке 1,6 млрд. теңге залал келтірген фактілер анықталды.
Прокуратураның актілері негізінде бүгінгі күні аталған жерлердің более 165 қайтарылып (95га), мемлекеттің 1,3 млрд. теңгеге жуық материалдық мүдделері қорғалды.
Заңсыздықтарға жол берген Түркістан қаласы әкімдігінің жерқатынастары бөлімінің басшысы Б.Елшібаев, қалалықжер кадастры бөлімшесінің басшысы Н.Көпбаев және осы мекемелердің басқа 3 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды (5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды).
Бұл ретте осы жолмен заңсыз рәсімделген 12 жер мемлекет мұқтажы үшін алынатын мүлік тізіміне негізсіз қосылғаны әшкереленіп, прокуратураның талабы негізінде 6 жер дер кезінде тізімнен шығарылып, 25 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражаты үнемделсе, заңсыз өтемақы төленіп кеткен 6 жер бойынша 33,5 млн. теңге бюджет қаражатын қайтаруға шара қолданылуда.
Қазіргі уақытта жерсаласындағы заңсыздықтар бойынша тағы 4 қылмыстық іс тергелу сатысында.