«Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында жүргізілген «Цифрлы сәби» байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Байқауға бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде пост жазған 50 ана қатысты.

Байқауға қатысушылар инстаграмм парақшасына пост жазып, #Цифрлысәби хештегімен белгілеулері тиіс болатын. Жеңімпаздар кездейсоқ тәсілмен таңдалған 3 жеңімпазға bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің бір айлық қорының жөргектері табысталды.

Жеңімпаздардың ішінде Түркістан облысы Созақ ауданының тұрғыны Жадыра Бекпенбетова және атыраулық Айгерим Шалкарова мен Алтынгуль Каиргозиева да бар. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы сегіз жеңімпаз балалар азығы, ыдыс-аяқ, күтім құралдары сияқты тауарлар сертификатына ие болды.

Естеріңізге салайық, бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін екі жәрдемақы түрі онлайн egov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметін таңдап, ондағы өтінішті толтыру қажет. Өтініммен қоса банкте ашылған есеп-шоттың нөмірі көрсетілуі тиіс.