Улану оқиғасы бойынша ТЖД мәлімдеме жасады

251

Бүгін 2-желтоқсан күні “ElITAR“ ақпараттық сайтына «Шымкент қаласында 1-желтоқсан күні 11- адам улы газбен улану оқиғасы тіркеліп, 28-адам зардап шегіп, 1-адам қайтыс болған» деген ақпарат шыққан.

Аталған  мәлімет бойынша департамент тарапынан төмендегідей мәлімет береміз: «Шымкент қаласында 1-желтоқсан күні улы газдан қайтыс болған оқиғасы тіркелген жоқ . (Түркістан облысы Сайрам ауданында улы газдан уланып қайтыс болу күдігі оқиғасымен тіркелген). Уланудан зардап шеккен 28-адам оқиғасы бойынша Шымкент қаласындағы токсикологиялық орталығына келіп алғашқы медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Сондықтан қала бойынша ешқандай төтенше жағдайлар тіркелмеген. ТЖД тарапынан аталған мекен жайларда тиісті үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.