Заңсыз құжаттарды сұрату бойынша Г.Нұрбекованың мәлімдемесі негізсіз екенін мәлімдеді

27

 

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан , Г. Нұрбекованың заңсыз құжаттарды сұрату бойынша берген ақпаратының негізсіз екенін мәлімдейміз. Себебі №4 қалалық емханаға жеке инвесторды тарту, қызметтер мен тауарлардың әлеуетті инвесторларына ашық конкурс арқылы айқындау бағдарламасының әкімшісі мен ұйымдастырушысы «Shymkent» ӘКК болып табылады.

1938 жылы салынған №4 қалалық емхана ғимараты стандартқа сай келмейді. Содан бері күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілді және үй-жайлардың эстетикалық жағдайын жақсартуға бағытталған, емханада инженерлік жүйесі тозығы жеткен, тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетуге іші тар.

Негізгі ғимарат санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестендіру үшін күрделі жөндеуді қажет етеді, инженерлік коммуникациялар тозған, сыртқы және ішкі қабырғалар медициналық нысандарға қойылатын стандарттарға сәйкес келмейді. Инфрақұрылымды жаңарту, қызметті дамыту талап етіледі.

№4 қалалық емхананың жеке инвесторларды тарту жөніндегі жұмыстарды жеделдету қажеттігін негізге ала отырып, жер учаскелерін біріктіру, жаңа жер актісін алу, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде одан әрі іске асыру мақсатында – «Shymkent» ӘКК тарапынан жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жұмыстарды жеделдету қажеттігі туралы 2022 жылғы 09 қыркүйек күні N1074 хаты негізінде емханаға ресми түрде ескертілген. Мұндағы негізгі талап, емхананың инфрақұрылымын және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, объектіні дамытудың негізгі капиталына инвестициялардың тарту қажеттілігіне негізделеді.

Емхана ғимаратын моральдық және техникалық тұрғыдан тозған болып табылады және ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімді емес.

21.09.2022 жылы Әл-Фараби аудандық санитариялық эпидеммялогиялық бақылау департаменті тарапынан №24-24-06-01/871-И хаты негізінде
емхана ғимаратының заманауи талаптарға сәйкес келмеуі туралы ескертулер берілді.

Сондай-ақ байқау кеңесінің қорытындысы бойынша бас дәрігерді емханаға тағайындау конкурсы заңды түрде жүргізілгенін мәлімдейміз.

Денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру және бас дәрігерді тағайындау Мемлекеттік мүлік туралы Заңда нақты айқындалған.

Мемлекеттік Мүлік заң негізінде, №4 қалалық емхана басшысының бос лауазымына конкурс өткізіліп, оған үш үміткер қатысты. Атап айтқанда, №4 қалалық емханасының бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушысысы Г. Нұрбекова, осы емхананың бас дәрігерінің орынбасары А. Сейтқасимова және денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бекбауова.

Байқау кеңесінің отырысында өткізілген әңгімелесуде кандидаттардың құзыретін бағалау қорытындысы бойынша А.Бекбауованың кандидатурасы, Байқау кеңесінің оң қорытындысын алды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексіне сәйкес ҚР ДСМ-нен А. Бекбауованың кандидатурасына оң келісілім берілді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ ЛАУРА НАХЫПҚЫЗЫ