Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы құжаттарды 25-і мен 29-ы қараша аралығында қабылдаған болатын. Жастардың өтініші бойынша сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау мерзімі -1 ші желтоқсанға созылған болатын. Айта кететін жәйт, үлестіруге 904 баспана жоспарланған.

Жұлдыз Ордабекова

Жұлдыз Ордабекова, Шымкент қаласының тұрғын үй және  тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы: «943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы  өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы  арасында жетіспейтін  құжаттар болса,  қайта  толықтырылады. Кейін  әрбір өтініш берудің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері  ескеріліп балдар есептелінеді».

Шынар Оразова