Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау аяқталды.
Жұлдыз Ордабекова, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы: «943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы арасында жетіспейтін құжаттар болса, қайта толықтырылады. Кейін әрбір өтініш берудің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері ескеріліп балдар есептелінеді».
Шынар Оразова