Депутаттар жаңа үйлердің сапасын тексеріп көрді

Аманат партиясының өкілдері мен мәслихат депутаттары мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныстануға дайын, жаңа көпқабатты жалдамалы тұрғын үйлерді тексерді. Пәтерлер жұмыс істейтін жастарға беріледі. Ал үй алу үшін kezekte.kz сайтында кезекке тұруға болады. Халық қалаулылары үйлерді тек қарап қана қоймай, кейбір кемшіліктерді де анықтады. 

Тұран шағынауданындағы бұл үйлер жаңа тұрғындарын қарсы алуға дайын. Көпқабатты үйлерге жұмыс істейтін жастар қоныстанады. Дегенмен, халық қалаулылары тұрғындар үйге қоныстанбас бұрын баспаналарды тексеріп көрді. Мердігер компания үйді толық таныстырып шықты. Депутат Әйгерім Жұмағұлова мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустың жоқтығын атап өтті.

Айдан Есанбеков, «АҚ Ордасы» ЖШС өкілі: «Пандус қарастырылмаған, қарастырылған болса, қоямыз ғой.

-Сонда мүмкіндігі шектеулі жандарға бұл үйді беруге болмайды ғой?

  • Проектте болса бірінші этажда болсын, бесінші этажда болсын салып береміз».

Қонақтарға пәтердегі бөлмелермен қатар жуыну бөлмесі де көрсетілді. Үйлерге су, газ және электр желісі жүргізілген. Алайда депутаттарда құрылыс сапасына қатысты сұрақтар туындады. Ал мердігерлер бәрінің сапалы жасалғанын айтып, егер арыз-шағым түссе, кепілдік аясында бәрі түзетілетініне сендірді.

Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қаласының мәслихат депутаты: «Бұл жастар үшін 5 жыл бойы үлкен мүмкіндік болып табылады. Себебі айына 5-6 мың теңге көлемінде төлеп тұрған қатты қалтаға ауырлық болмайды. Сондықтан 5 жыл бойы жастарға өздерін қаржылай қамтамасыз етуге, өз пәтеріне қаржы жинап алуға үлкен мүмкиндік беріледі. Сондықтан кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында айтты жастарды қолдауды тоқтатпауымыз керек деп. Жане бұл бағдарламанының Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте бар болғаны жастар үшін өте керемет қолдау деп ойлаймын».

Ал келесі нысаннан депутаттар ешқандай кемшілік таппады. Дегенмен, халық қалаулылары мұндай нысандарға үнемі келіп тұратынын жеткізді.

Мұрат Жолдықожаев, Шымкент қаласының мәслихат депутаты: «Сапасына келсек, мықты деп айтуға болмайды, бірак жаман деуге де болмайды. Өйткенә біз көзімізбен көрдік. Сапасы орташа».

Жыл соңына дейін жаңа үйлерге 800 жүзден астам адам қоныстанады. Ол үшін тұрғындар кезекте.кз сайтында кезекке тұра алады. Немесе Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй басқармасына хабарласуына болады.