Бұл жөнінде Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова тұрғындардан түскен осы тұрғыдағы сауалға жауап берді. Дәрігердің айтуынша бұл мемлекеттік стандартқа сай өзгеріс.
Яғни, жедел жәрдем көліктеріндегі дабыл жүйесі 8:00 ден 23:00 аралығында жоғарғы деңгейде жұмыс жасайды. Ал 23:00 кейін дабыл дауысы өшіріліп, тек сирена қосылады.
Осы уақытқа дейін жоғарғы дауысты дабыл жүйесі тек шұғыл ауыр жағдайларда ғана қосылатын.
Жаңа жүйеге байланысты жедел жәрдем қызметінің жұмысы ширай бастаған. Оның үстіне жаңадан берілген жедел жәрдем көліктеріде тұрғындардың сұранысын қанағаттандыра түсті.