Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен әкімдіктің алғашқы аппарат мәжілісі өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтар болсақ, индикаторлар бойынша жұмыстарды күшейту және ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын жоғары деңгейде өткізу. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруды алға тартты.

Сондай-ақ, шаһар басшысы әр сала жетекшілеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.