№1 қалалық емханаға ЛОР комбайн сатып алынды

93

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №1 қалалық емханада пресс – тур өтті. Шараға қатысқан БАҚ-на мідетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша емханада жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Тілшілерге алдымен тіркеу бөлімінің жұмысы таныстырылды. Тіркеу бөлімінде алдымен науқас анықтама орнына жүгінеді, онда оған ЖСН-мен КМИС/БХТ бағдарламасы бойынша сақтандыру мәртебесін айқындайды, егер пациент сақтандырылмаған жағдайда, оған 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық қызметтің тегін көрсетілетінін және 1 сәуірге дейін пациенттің міндетті түрде төлемдерді төлеу керек екенін түсіндіреді. Сондай-ақ, төлемдерді емхана ішінде орналасқан «Касса 24» терминалында төлеуге болады дейі дәрігерлер.

Ары қарай тіркеу бөлімінің қызметкері пациентті учаскелік дәрігердің қабылдауына жібереді. Бұл жерде қажетті медициналық құжаттарға, еңбекке жарамсыздық парағына мөр басатын және емханаға тіркеуге жауапты медбикелер жұмыс атқарады.

№1 қалалық емханадағы тіркеу бөлімінде халықтың игілігі үшін бас дәрігердің азаматтарды қабылдау бөлмесі ұйымдастырылған. 2019 жылда күндізгі стационар 30 койкаға дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, кеңес-диагностикалық медициналық қызмет түрлері кеңейтілген, соның ішінде стоматологиялық және қымбат тұратын қызметтер (МРТ, КТ, ИФА, ПЦР және т.б.). 2019 жылда ЛОР комбайн сатып алынды.
№1 қалалық емханада жаңа жылдан бастап оңалту кабинеті ашылды. Мұнда неврапатолог дәрігерлер пациенттерге оңалту емін жүргізеді.

Емхананың тіркеу бөлімі МӘМС-енгізу бойынша көрнекі құралдармен: тіркеу,»Egov» порталымен жұмыс істеу, ТМККК және МӘМС пакеттері, азаматтардың 15 жеңілдікті санаттарының тізбесі бойынша стендтерімен, «Медициналық сақтандыру қоры» , ДСБ байланыс орталықтары, МӘМС QR-коды, МӘМС бойынша барлық қажетті ақпаратпен жабдықталған.