«Ауру айтып келмейді». Әсіресе қыс мезгілінде суық тиіп, тұмаурататындар көп. Көктайғақта тайып, жарақат алатындар жетерлік. Ойын балалары да дәл осы мезгілде жерден жеті рет таяқ жейді. Әбігерге түсіп, құрған жоспарларыңыз бұзылмасын, десеңіз сақтана жүргеніңіз абзал.
ҚЫС – ҚАУІПТІ КЕЗ
Шаңғы. Шана. Коньки. Қыс мезгілі – көңіл көтеруге ыңғайлы мезгіл. Алайда ауруханалар мен травматологиялық бекеттердің дәрігерлеріне бұл кезде көңіл көтеруге уақыт жоқ. Олардың жұмысы қыза түседі.
Мәселен:
– Улану, тағам және ішімдік. Ауруханаға көбіне осындай диагнозбен түседі;
– Панкреатит және соқырішек. Майлы тамақты шектен көп жеу;
– Үштікті жарақаттанғандар жабады. Науқастардың көбісі көшеде не үйде жарақат алады;
– От-шашудан күйетіндер де бар.
АСТАН ҚАУІП КӨП!
Статистикаға сүйенсек, уланып ауруханаға жатқызылатындардың дені жаңажылдық дастарханнан уланады. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Мұхамедияр Әуелбековтың айтуынша, уланып ауруханаға түсетін науқастардың көбісі көпшілік жерде тамақтанған болып шығады. Мәселен, аллергиясы бар адамдар ас мәзірінің құрамын білмей қиналады. Кейбіреулер шектен тыс көп тамақтанады. Дәрігер науқастардың легі көбіне мерекелік отырыстан кейін бірнеше күн өткен соң түсетінін айтады. Бұған тоңазытқышта бірнеше күн бойы сақталған салаттар мен тағамдар себеп.
– Тағамнан улану – бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Ол ағзаға ас арқылы түрлі микроорганизмдердің, көбінесе, бактериялардың түсуінен пайда болады. Улану көбіне жарамдылық мерзімі өткен сапасыз азық-түліктен, дұрыс жағдайда сақталмаған немесе санитарлық нормаларды сақтамай даярланған тағамдардан пайда болады. Сондай-ақ, көбіне дайын тағамдардан – майонез және қаймақпен араласқан барынша көп компонентті салаттардан, кондитерлік қант қосылған кремді өнімдерден, тартылған еттен әзірленген тамақтан туындайды,-дейді дәрігер Мұхамедияр Әуелбеков.
Сондай-ақ, маман дайын астан бөлек, дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер мен балғын көкөністерден де улануға болатынын айтады. Олардың сыртқы қабатында ішек инфекциясының қоздырғыштары қалып қалуы мүмкін. Төмендегі 3 қағиданы сақтай жүрсеңіз жақындарыңызды уланудан сақтауға болады екен:
1. Гигиена қағидаларын сақтаңыз;
2. Сатып алатын затыңыздың зат таңбасына, мерзіміне мән беріңіз;
3. Иістендірілген, дәмі күшейтілген, боятылған және басқа да химиялық қоспалар бар азық-түліктерді тағамға қоспаңыз.
АЯҚ-ҚОЛДЫ АБАЙЛАҢЫЗ!
Биылғы қыс аязды болғанымен қар аз түсті. Жерде қатқан мұз көрінбейді. Бірақ, таңға жуық және күн батқанда жер бетін жұқа мұзды қабық жабады. Тайып жығылу қаупі бар.
Травматолог-дәрігер Сайджан Кошаковтың айтуынша, қыс түсіп, қар жауған алғашқы күні-ақ, оларға жанбасы сынып, тобығы, қолының білезік тұсы жарақаттанғандар көп келіпті. Науқастардың көбі – егде жастағы ата-әжелер. Абайсызда тайып құлапты. Алайда қазір жарақат алып келіп жатқан науқастар аз. Бірақ, жердің бетін мұз жапса жұмыстары көбейетінін айтады. Әсіресе демалыс күндері аяғын шалыс басып құлайтындар көбейеді екен.
Жарақат алатындардың қатарында балалар да көп. Олар ойнап жүріп, аяқ-қолын сындырып, басын жарып алады. Ересектер жарақат алса, жарақат бекетіне жүгінеді.
Бала жарақат алса, ата-аналары оны қайда апаратынын білмей сандалады. Бірі емханаға жүгіреді, екіншісі жарақат бекетіне сандалады. Алайда, балаларды — балалар ауруханасы қабылдайды. Егер баланың мойыннан жоғары бас бөлігі жарақаттанса, «Нұрсәттегі» облыстық балалар ауруханасына, ал одан төменгі бөліктер зақымданса, «Асардағы» қалалық балалар ауруханасына жүгініңіз.
АНЫҚТАМА
Шымкент қаласының тұрғынадарына Тегін және ақылы көмек көрсететін қалалық мемлекеттік емханалардың
мекенжайы мен телефон нөмірлері:
1. Шымкент қалалық №1 емхана
Мекенжайы: Тәуке хан, 35.
Тел: 53-49-22, 53-43-75
2. Шымкент қалалық №2 емхана
Мекенжайы: Абай даңғылы, 35.
Тел: 56-33-54
3. Шымкент қалалық №2 балалар емханасы
Мекенжайы: Абай даңғылы, 16.
Тел: 31-90-31
4. Шымкент қалалық №3 балалар емханасы
Мекенжайы: «Нұрсат», Адырбеков көшесі, 119.
Тел: 42-33-52
5. Шымкент қалалық №4 емханасы
Мекенжайы: Володарск көшесі, 11.
Тел: 53-83-13
6. Шымкент қалалық №5 балалар емханасы
Мекенжайы: Сайрамская н/ү.
Тел: 57-34-48, 57-34-51, 57-37-12, 51-82-76
7. Шымкент қалалық №6 балалар емханасы
Мекенжайы: Самал — 3, Әл-Фараби көшесі, 230.
Тел: 53-83-13
8. Шымкент қалалық №7 балалар емханасы
Оңтүстік ш/а, 81.
Тел: 43-06-88
9. Шымкент қалалық №8 балалар емханасы
Мекенжайы: А. Байтұрсынов көшесі, 2.
Тел: 55-10-26
10. Шымкент қалалық №9 балалар емханасы
Мекенжайы: Ахунбабаев көшесі, н/ү
Тел: 45-35-79
11. Шымкент қалалық №10 балалар емханасы
Мекенжайы: Қайтпас, Амангелді көшесі н/ү
Тел: 49-36-84, 49-36-13
12. Шымкент қалалық №11 балалар емханасы
Мекенжайы: Қазығұрт, Құрылыс көшесі, 2б
Тел: 50-14-83
13. Шымкент қалалық №12 балалар емханасы
Мекенжайы: Әмір-Темір көшесі, 152а
Тел: 26-71-63
14. Шымкент қалалық №13 балалар емханасы және орталық емхана
Мекенжайы: Республика көшесі, 8
Тел: 40-24-57
Шымкент қаласының тұрғынадарына Тегін және ақылы көмек көрсететін Шымкент қаласының жеке меншік клиникалары:
1. Дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығы
Мекенжайы: Алдияров, 60Г
Телефон: 57-16-50
2. Буын аурулары орталығы
Мекенжайы: Тимирязев, 32А
Телефон: 43-22-55
3. Дәрігер Бубновский орталығы
Мекенжайы: Майлы Қожа, 45
Телефон: 39-39-09
4. Дәрігер Тарарак С.С. ЭКО орталығы
Мекенжайы: Қазыбек би, 33
Телефон: 53-77-33
5. Эврика-Мед орталығы
Мекенжайы: Абай даңғылы, 33Б
Телефон: 35-94-42
6. Эскулап медициналық орталығы
Мекен-жайы: Сайрам көшесі, 198Б
Телефон: 57-35-61
7. Grand Clinica медициналық орталығы
Мекенжайы: Желтоқсан к-сі, 35/41
Телефон: 53-74-44
8. Ситимед клиникасы
Мекенжайы: Байтұрсынов, 16
Шымкент қаласының тұрғынадарына Тегін және ақылы көмек көрсететін
Шымкент қаласының
перзентханалары:
1. Шымкент қ., Облыстық перзентхана №1
Мекенжайы: Ғ.Іляев к-сi, 142
Телефон: 53-92-61
2. Шымкент қ., Облыстық перзентхана №2
Мекенжайы: Терешкова, б/н
Телефон: 50-35-55
3. Шымкент қ., Облыстық перзентхана №4
Мекенжайы: Нұрсәт ш/а, 188
Телефон: 42-41-28, 42-40-34
4. Шымкент қ., қалалық перзентхана №2
Мекенжайы: Алдиярова к-ci, 60
Телефон: 57-11-42
5. Шымкент қалалық перзентхана №4
Мекенжайы: Терешкова, к-ci, 32
Телефон: 50-20-02
А.Ермекқызы
«Оңтүстік Рабат», №1-2, 8 қаңтар 2020 ж