39 жастағы азамат ата-анасының банк карточкаларын ұрлап, ақша жымқырған

202
Woman using cash machine-ATM,close up view.

39 жастағы азамат өзінің әкесі мен анасының банк карточкаларын алып, олардың есеп шоттарынан шамамен 180 000 теңгені жымқырған.

Әкесі мен шешесі банкоматтан ақшаларын шешеміз деп келген кезінде ақшаларының ұрланғанын байқап, болған оқиға туралы полицияға хабарлайды.
Аталған жайт Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері карточкалардың шотынан ақша жоғалуына 39 жасар азаматтың тікелей қатысы бар екенін және ол ақшаның бір бөлігін өз қажеттілігіне жұмсағанын анықтап, полицияға жеткізді.
Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі