Балаларына 1 млн теңге алимент төлеуден жалтарған келіншек жазаға тартылды

143
фото inform.kz

Қостанай облысында балаларына алимент төлеуден жалтарған Д. есімді әйел 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық прокуратурасының мәліметінше, өткен жылы Меңдіқара аудандық прокуратурасы кәмелет жасына толмаған балаларды асырау міндетін орындамағаны үшін 5 борышкерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Олардан 100 000 теңгеден астам алимент берешегі өндірілді. Сонымен қатар аудандық прокуратура әкімдікпен бірлесіп, 13 борышкерді жұмысқа орналастырды.

«Мысалы, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 1 млн теңгеден астам берешегі бар азаматша Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді» делінген таратылған ақпаратта.