«Сокол» футбол мектебінің 2 жылдығына арналған жарысқа барлығы 42 команда жиналыпты. 8 жастан 15 жасқа дейінгі қатысушылардың барлығы да «Сокол»-дың шәкірттері.
Шахин Гусейнов, жарыс ұйымдастырушысы: «Біз 6 жастан 18 жасқа дейінгі шәкірттерді тәрбиелейміз. Олар мұнда футболдың қыр — сырын меңгереді. Аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері «Ақ-арыс» спорт кешенінде боламыз. Жаттығулар таңғы 9-дан басталып, кешкі 6-ға дейін жалғасады».
Жасыл алаңға шыққан жеткіншектер жеңіс үшін жанын салды. Үйренгенін ел алдында көрсетуге тырысқан оларға ата-аналары да жанкүйер болып келген. Жаттықтырушылар сөзінше бұл жас спортшыларға талпыныс сыйлайды.
Рустам Бектимиров, жарыстың бас төрешісі: «Біздің бұл жарысымызға бірталай маман келді. Барлығын қарап бақылаған олар шәкірттерімізді академия, футбол орталықтарына шақырып жүр. Мұның барлығы футболдың дамуына үлес қосады».
Жарыста «Ордабасы» 2005 командасы жеңіске жетті. Топ жарғандар сөзінше доп додасы қиынға соқпаған. Балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі 6 жастан 18 жасқа дейінгі өрендерді қабылдайды.
«Сокол» футбол мектебі жайында толық ақпаратты +7 777 602 68 18 нөмірінен біле аласыз.
Назерке Үкібасова