Оңтүстіктегі үш спорт мектебінде басшы ауысты

744
Полат Қырықбаев - Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының директоры

Жаңа жыл қарсаңында облыстағы бірқатар спорт мектептерінің басшылығында ауыс-түйістер орын алды. Бекзат Саттарханов атындағы дарынды спортшыларға арналған интернаттың директоры болып биыл ғана қызметке келген Ермек Дәрменовтың орнына спорт агенттігінде ұлттық командалар бөлімін басқарған Полат Қырықбаев келді. Ал Ермек Дарменов облыстық футбол мектебіне қайта келді. Ал алты айдай облыстық футбол мектебін басқарған Дүйсенбай Мергенбаев енді облыстық №3 спорт мектебінің тізгінін қолына алды.

Полат Қырықбаев - Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының директоры
Полат Қырықбаев – Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының директоры

Облыстық №3 кешенді спорт мектебінің жаңа басшысы Дүйсен Мергенбаев  директор қызметіне бірден кірісті.  Жылды қорытындылап, үздік спортшылардың ата-аналарына алғысын білдірді. Дүйсен Мергенбаев осыған дейін облыстық футбол мектебін  6 айдай басқарған болатын. Ал жалпы спортта жүргеніне отыз жылдан асқан. «Сол себепті де спорттың 9 түрін қамтитын мектепті алға жетелеу қиын болмас» дейді. Мұнда сегіз жүзден астам жерлесіміз шеберлігін шыңдап келген. Олардың арасында каратэ, садақ ату, дзюдо, еркін күрестің саңлақтары ел намысын халықаралық ареналарда қорғап келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cSfUL7QHcrg[/youtube]