Көші-қон қызметінде қандай талаптар өзгерді?

188

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда 30 тәулікке дейін визасыз жүруіне болатын шетелдіктер тиісті органдарға тіркелу міндетінен босатылғанымен, оларды қабылдаушы тараптар үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда еліміздегі қабылдаушы тарап яғни жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 518-ші бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта Шымкентте тәртіп сақшылары осы мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тиісті талап-ережелерді ескерткен көші-қон полициясының өкілдері жаңа ереже арқылы Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің айқындығы артатынын айтады.

Мөлдір Бекеева