Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жайлы семинар өтті

191

АТФ Банк кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығымен бірігіп Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдеріне «Қаржы және салықтар жайлы қарапайым тілмен» атты тақырыпта тегін семинар ұйымдастырды.

Қатысушылар 2020 жылы Салық Заңнамасындағы жаңашылдықтар жайлы біліп қана қоймай, табысты бизнес иесінің қолданысында міндетті түрде болатын қаржылық шаралардан хабардар болды.

Үздік қазақстандық салық кеңесшісі Дмитрий Казанцев семинарды  ҚР Салық Кодексіндегі  өзгерістер — АЕК, ең төменгі айлық мөлшері, бюджетке аударылатын міндетті аударымдар, және бизнестің санаты жөнінде түсініктеме беруден бастады. Сарапшы шағын және орта бизнес өкілдері тыйым салынған қызмет түрлері жайлы да білуі тиіс дейді. Кездесуде патентті пайдалану құқығы және кассалық аппараттарды пайдаланудағы талаптар жәйі де әңгіме болды.
Дмитрий Казанцев, кәіспкерлерге көмек көрсету республикалық орталығының директоры: «Егерде сіз қолма қол ақшамен жұмыс жасасаңыз, сізде міндетті түрде кассалық машина болуы тиіс. Егерде болмаса, сізге ескерту беріледі. 10 күн мерзімде онлайн режимде істейтін кассалық аппаратты орнатуыңыз тиіс. Егерде талапты орындамасаңыз, айыппұл төлейсіз. Фермерлер, шаруа қожалығы болса, СҚ 166 бабына сәйкес  кассалық аппаратты тек қолма-қол ақшамен жұмыс істей бастағанда орнатады. Өйткені шаруа қолма -қол ақшамен күз маусымында жұмыс істей бастайды. Өзге маусымда оған ешкім шара көре алмайды».

Мұндай ауқымды жобаларды өткізуде АТФ Банк пен кәсіпкерлерге көмек көрсететін республикалық орталықтың серіктетігі кездейсоқ емес. Екі ұйым қазақстандық кәсіпкерлермен қызмет етуде құнды тәжірибе жинақтаған. Үкіметтің Орта және шағын бизнесті қолдау бағытындағы шаралар аясында шаруаларды несиелендіруде АТФ Банкі белсенді атсалысып келеді.

Бақытжан Қалымбетов

Бақытжан Қалымбетов, АТФ Банктің Шымкенттегі филиалының директоры: «Шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық береміз. Қызмет көрсетуде  тапсырыстарды дер кезінде орындауға тырысамыз».

Банктің қызметіндегі ұстанымын серіктестер мен клиенттер жоғары бағалайды. Сондықтан болар, АТФ Банкі Азиямонеу халықаралық қаржы басылымының болжамы бойынша 2019 жылдың соңында «Шағын және орта бизнес үшін ең үздік банк» болып танылды.

Шынар Оразова