Шымкентте «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама»» тақырыбында семинар өтті

135

Семинар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылды.

Іс-шараға Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Н.Қасымбеков, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті З.Батталова, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры А.Есенгельдина, Арнайы мониторингтік топ мүшелері, белгілі адвокаттар мен қоғам белсенділері қатысты.

Семинар 4 сессияға бөлініп, сессиялар барысында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің мәні мен мақсаты, сараптама өткізудің мерзімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымы, мазмұны,ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі және т.б. мәселелер көтерілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл механизм заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Шара барысында қатысушыларға тақырыпты кеңінен түсіндіру мақсатында практикалық жаттығулар да ұйымдастырылды.
50-ге жуық семинар тыңдаушылары қолға алынған шараның маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге сарапшы болуға дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі халыққа жолдауында қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу міндетін қойды. Барлық сараптамалық пікірлер көпшілікке қол жетімді болады. Қоғамның белсенді қатысуы сапалы заңдарды, қаулыларды, бұйрықтар мен басқа актілерді қабылдауға мүмкіндік береді.