Бұл өлеңмен өрнек тоқыған қазақ ақындарының құрметіне орай жасалған. «Поэзия бұрышын» ашуға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, лентасын ел азаматтарымен бірге қиды.

Қазақ өлеңінің мәртебесін көтеріп, қаламгер қауымына ерекше шабыт сыйлайтын «Поэзия бұрышы» мегаполистегі Жеңіс саябағында орналасқан. Айта кетейік, шара «Мәртебелі поэзия мінбері» атты апталықтың алғашқы бастамасына орай ұйымдастырылған.

«Бұл орынның Шымкент халқы үшін маңызы зор. Себебі, мұнда қазақтың ақындық өнері мен рухани құндылықтары насихатталып жатыр» дейді Ұлықбек Есдәулетов.

Нұрлан Сұлтанбек