Мұнда орталықтың 20 маманы Абай ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы ауданнан АӘК алуға 27 мың отбасы өтініш білдірген. Биыл 25 мыңнан астам отбасы әлеуметтік қолдауға ниет білдіреді деген болжам бар.

Осы қажеттілікті ескерген жауаптылар Ынтымақ-1, Ынтымақ-2, Самал-3, Ақниет, Ақжар, Құрсай, Қазығұрт, Қызылжар, Жайлау-1, Жайлау-2, Қорғасын-1, Жаңаталап, Тұрлан, Қатын-Көпір шағын аудандарына жақын маңайдан бөлімше ашуды ұйғарған.
Заманауи талапқа сай кең әрі жарық кеңседе келушілерге барлық жағдай жасалған. Мұнда халыққа электронды кезек арқылы қызмет көрсетіледі.

Ғалымжан Балтаев, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Абай ауданында 10 мыңнан аса тұрғынға кеңес беріліп, 3 жарым мыңға жуық азаматтан АӘК құжат қабылданған. Шымкент қаласының халқы 1 млн. 033 мың адамды құрайды. Ал оның 320 мыңнан астамы Абай ауданында тұрады».

Мақпал Рысбаева