Шымкенттік оқушылар мамандық таңдауға мүмкіндік алды

414

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде шымкенттік мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өтті. «ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктестігімен бірлесіп өткен іс — шара барысында жеткіншектер еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы мағлұмат алды.

Білім ордасындағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласында даярланған мамандар бүгінде еліміздің ірі мұнай өңдеу, химия өндіріс орындарында жұмыс істеп жүр.

Оқушылар әлемдегі озық технологияларды оқу бағдарламасына енгізу бағытында ЖОО жүзеге асқан жобалармен танысты.

«Жаңа инновациялық бағдарламалар — мұнай және газ өңдеу технологиясы, полимердің өндірісі мен өңдеу технологиялары бойынша жұмысты қолға алғанбыз. Атырау облысында ірі газ-химиялық кешені ашылмақ. Біз ақпан айында өтетін кадрлар форуымна қатысамыз. Жұмыс берушілер кәсіпорында жұмыс істейтін мамандарды оқытуға қазірден тапсырыс бере бастады»,- деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ мұнай-химиясы және мұнай өңдеу кафедрасының меңгерушісі Сәуле Сақыбаева.

Еркін Жұмаділов, «ПетроҚақазстанОйлПродактс» ЖШС-нің өкілі: «Жаңғыртудан өткен Шымкент мұнай өңдеу зауытына білікті мамандар қажет. Сондықтан да бүгінгі ашық есік күніне қатысқан оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мұнай өңдеу мамандығын меңгеріп, тұрақты жұмысқа орналасуға шақырамын».

Білім ордасы республикада алғашқы болып парфюмерия, косметика және жуғыш заттар технологиясы оқу бағдарламасы бойынша мамандар даярламақ.
Мектеп оқушысы Гаухар Саип парфюмерия мамандығы бойынша университеттегі курстарда  қосымша дәріс алып жатқанын  айтады.

Еліміздің еңбек нарығында техникалық мамандардың тапшылығы туралы Елбасы да айтқан. Сондықтан жастарға кәсіби бағдар беріп, өндіріске қажетті кәсіпті меңгеруіне мемлекетте жағдай жасап отыр. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ мамандықты дұрыс таңдауда осындай іс — шаралар маңызды дейді оқушылар.

Шынар Оразова