«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і азық-түлік жиынтығын таратты

85

«ПетроҚазақстан ойл Продактс «ЖШС  басшылығы  Наурыз бен қасиетті Рамазан айында қайырымдылық акциясын өткізді. Іс шара барысында  зауытқа жақын орналасқан елдімекендегі 100-ге тарта тұрғынға  азық-түлік тауарлары жиынтығы табысталды.

Қарабастау тұрғын алабында 50 тұрғын: ардагерлер, тыл еңбеккерлері, жалғызбасты қарияларға  күріш, ұн, өсімдік майы мен шайы бар пакеттер үлестірілді. Жұлдыз тұрғын алабында  мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалы отбасылары азық-түлік жиынтығын алды. Әрине,  азық-түлікті әрбір адам сатып алады, алайда  баға шарықтаған заманда қолдау  көрсету бұл сауапты  игі іс,- дейді тұрғындар.

Ақ жаулықты аналар ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп,  тілектерін білдірді. Мұндай  шараларды өткізуді Шымкенттк мұнай өңдеу зауыты дәстүрге айналдырған