Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 500-ге тарта азаматтық іс түсіп, оның 205-і — татуласу тәртібімен аяқталған. Бұл миллионды қалада медиацияның жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Маңызды ақпаратты аталған соттың төрағасы мәлімдеді.
Мәлік Майсақановтың айтуынша, азаматтардың өзара татуласуы — судьялардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, оларды баж салығынан да құтқарады. Сондықтан, бұл мақсатта арнайы пилоттық жобалар қолға алынып, тиісті судьялар да бекітілген.
Ал 2019 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша сотқа 4206 талап-арыз және 145 іс түсіп, оның 3700-ден астамы аяқталған. Арасында Шымкент қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлер арасындағы істер де бар. Бұдан бөлек, банкроттық бойынша 80-ге жуық іс қаралыпты.
Мөлдір Бекеева