Қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен тікелей байланыс орнатуды әрқашан бірінші орынға қойып келеді.

Тұрғындар, мұндай ашықтық нәтижесінде әкімдік есігін торуылдап немесе уақыт жоғалту сынды жайттардың азайғанының куәгері.
Ашықтыққа тағы бір қадам — Рашид Абатұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында WhatsApp нөмірін (87783837214) жария етіп, әкімдік қызметкерлерін барынша ашық жұмыс істеуге шақырды.

16-қаңтардан бастап жоғарыда көрсетілген нөмірге және қала әкімінің, әкімдіктің (@the_rashid_ayupov, @turkistan_qalasy_akimdigi) парақшаларына тұрғындар тарапынан жолданған пікір немесе #ГүлденеБерТүркістан хэштегі арқылы жарияланған ұсыныс, шағым, өтініш тіркеліп, тиісті бөлімдерге жолданатын болады.

Әкім бастамасын қолдаған әкімдікке қарасты бөлімдер де әлеуметтік желі арқылы өтінім қабылдап, тез арада қарастырып, жауап қайтару жүйесін оңтайландыру жұмыстарын бастады.