Түлкібас АПБ-не ер азамат, жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында бірнеше ауыл тұрғындары пайдаланған газ бойынша төленетін ақшаларын өздеріне сенімді таныс әйелге жинап бергенін, алайда ол жиналған ақшаларды тұрғындардың дербес шоттарына төлемей, яғни өзінің қажеттілігіне жаратып жібергендігі туралы жазып көрсеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Осы қылмысты тексеруге шұғыл кіріскен аудандық полицейлер біршама ақпараттардың бетін ашты. Куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті әйелдің ауыл тұрғындарының таңдауымен ерікті түрде коммуналдық төлемдерін жинап алып, уақытылы төлеп жүргені белгілі болды. Яғни әрбір үйді аралап, ақшаларын жинап, арнайы орынға апарып төлегені үшін әр квитанциядан өзіне 100 теңге алып отырған. Полицейлердің анықтауынша күдікті 51 тұрғыннан газға төленетін ақшаларын жинап алып, төлемей жүрген. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 1 500 000 теңгені құраған.

Тәртіп сақшыларының жедел жүргізілген жұмыстары арқасында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның жартысын қайтарды. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс аудандық сотқа жолданды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзге адамдарға ақшаңызды сеніп тапсырмауды ескертеді. Кез-келген жағдайда сенген адамыңыз алдап кетуі мүмкін. Сондықтан қандай істі болмасын төлемді өзіңіз жасауға міндеттісіз. Егерде сізді белгісіз жандар жандар алдаса болмаса осындай жайттың куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.