«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арыс АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және Охотзоопром инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатты.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында, браконьер Сырдария өзенінің жағасында қайықты пайдаланып, балық аулау құралдарының көмегімен заңсыз балық аулап жүргенін анықтады.
Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТБТ-на ҚР ҚК 335-бабы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша тіркелді. Ер адамнан қайық және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 6 кг жуық заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті «қолхатта».
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында «Браконьер»жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтар анықтау болып табылады. Бұл іс-шара ағымдағы жылдың 5 ақпанына дейін жалғасады.