Терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

232
фото elitar.kz

Түркістан облысында ҰҚК қызметкерлері 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше ол ҚР ҚК 256-бабының 2-тармағы бойынша (Терроризмді насихаттау және террористік актіні насихаттау) қылмыс жасады деп айыпталуда.

Тінту кезінде күдіктіден Қазақстанда қызметіне тыйым салынған діни ағымдардың қызметін насихаттайтын 8 діни кітап табылды. Құрықталған азамат әлеуметтік желіде және жергілікті тұрғындарға насихат жұмыстарын жүргізді деп күдіктелуде.

Мақпал РЫСБАЕВА