Қазақша жыл санауға сәйкес, жыл басы – Тышқан. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізу «жыл қайыру» деп аталады. Биыл сол циклдың алғашқы жылы — Тышқан жылы төрімізге енді. Қазақтар Тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Сонымен биыл басқа жыл белгілері үшін қандай болмақ?
Тышқан
Жыл қожайын-дарына оңтайлы жыл болмақ. Еңбекқор тышқандар жұмыста да, жеке кәсіпте де өздерін жақсы жағынан көрсетеді. Қызметінде мансабы өседі. Саяхаттауды жоспарлаған жыл иелеріне ең оңтайлы уақыт – қыркүйек-қазан айлары. Мол табысқа кенелуді мақсат етсеңіз, үнемшіл болғаныңыз абзал. Ақшаның тиыннан құралатынын ұмытпаңыз. Нар тәуекелге бармаңыз. Бармақ тістеп қалуыңыз ғажап емес. Денсаулығыңызға аса абай болғаныңыз жөн. Әсіресе жүрегіңізді сақтаңыз. Спортпен шұғылданғаныңыз артық болмайды. Биыл – Сіздің жыл. Өзгелерден оқ бойы озып шығып, биік белестен көрінесіз!
Сиыр
Сиыр жылы туғандарға биыл «Еңбек бәрін де жеңбек» қағидасын ұстанған жөн. Сонда жыл жемісті болғалы тұр. Ұстамдылық пен сабырлықты жаныңызға серік етіңіз. Айналаңыздағы жандармен ұрыспаңыз. Кері әсері таяқ болып тиетінін естен шығармаңыз. Ұсыныстардан бас тартуға асықпаңыз. Бәлкім бұл сіздің жұлдызды сәтіңіз болар. Қаржылық мәселеңіз дұрыс шешім қабылдағаныңызға байланысты. Айтпақшы, Сиыр-лар осы жылды отбасына арнағаны дұрыс. Жалғыз болсаңыз, отбасын құрыңыз. Отбасылы болсаңыз бала-шағаңызға көңіл бөлгейсіз. Денсаулығыңыз мазалауы мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Тамақты таңдап ішіңіз.
Барыс
Барыстар қарбалас өмір сүреді. Жұмыс-бастылық пен жеке өміріңізді ретке келтірумен жүріп жылдың қалай өткенін байқамайсыз. Ұсақ-түйекке бас ауыртпаңыз. Биыл сіз үшін жағымды әрі оңтайлы жыл. Соны пайдаланыңыз. Жұмыста қиындық туындайды. Біраз уақыт жұмыстан қол үзуіңіз де ғажап емес. Мойымаңыз. Демалып, күш-қуат жинаңыз. «Алма піс, аузыма түс» деп қол қусырып отыратын Барыстардың материалды жағдайы жақсармайды. Табыс пен қаржы еңбектенгендердің есігін қағады. Күзде Барыстырдың асығы алшысынан түседі. Тұмаудан абайлаңыз.
Қоян
Қояндар үшін сәтті жыл. Өміріңізді түбегейлі өзгертуге қолайлы кез. Жаңа жұмыс, жаңа таныстар, жаңа әуес іс, тіпті баспаналы болуыңыз ықтимал. Жаңа мүмкіндіктер рухыңызды көтереді. Қаржылық жағдайыңыз да жақсарады. Ақшаны ақылмен жұмсаңыз. Қайырымдылықпен айналысыңыз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға қолайлы жыл. Тиімді ұсыныстардан бас тартпаңыз. Жаз мезгілі отбасын құруға ыңғайлы кез. Денсаулығыңызға аса мұқият болыңыз. Көптен бері мазалаған дертіңізді емдетіңіз. Әйтпесе, жоспарларыңыздың шырқы бұзылады.
Ұлу
Ұлулар-дың қаржы-лық жағдайы да, жеке өмірі де, жұмысы да сыналар кез. Көмек қолын созғандардың бетін қайтармаңыз. «Сабыр түбі – береке» деген қағиданы ұстанған Ұлулардың асығы алшысынан түседі. Алыс іс-сапарға шығатын Ұлуларға бұл жоспарын кейінге қалдырғаны жөн. Ешкіммен ұрыспаңыз. Қарыз алмаңыз. Қолдағы аз қаржыны ақылмен жұмсаңыз. Ірілі-ұсақ тауарларды сатып алмаңыз. Отбасы мүшелеріне көбірек көңіл бөліңіз. Фитнес-пен айналысуға қолайлы жыл. Тәттіні шамадан көп жеуге болмайды.
Жылан
Бұл жыл Жылан-дарға молшылық әкеледі. Еңбегіңіздің жемісін көресіз. Қандай да бір істе асығыс танытпаңыз. Әйтпесе, сәттілікті үркітесіз. Қаржылық жағдайыңыз ғана емес, жеке өміріңіз де ретке келеді. Жалғыздықпен достаспаңыз. Айналаңызға жақын жандарды серік етіңіз. Бастаған істі аяқсыз қалдырмаңыз. Күмәнді ұсыныстардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Нар тәуекелге бармаған жөн. Жылжымайтын мүлік алуға қолайлы жыл. Қызметте табысқа кенелесіз. Отбасындағы жағдайды реттеңіз. Жақындарыңызға көңіл бөліңіз. Демалыс пен жұмысты қатар алып жүрген Жыландардың денсаулығына алаңдауға негіз жоқ.
Жылқы
Жылқы-ларға Тышқан жылы табыс-ты болады. Жеке өмірде де, қызмет бабында да оң өзгерістер күтіп тұр. Әсіресе қаржылық жағдайыңызды жақсартуға қолайлы. Еңбегіңіз еленіп, мол табысқа кенелесіз. Көптен бері ойға алған армандарды жүзеге асыруға қолайлы жыл. Алыс-жақын шетелге барып, демалудың реті келуі мүмкін. Күйгелектене бермеңіз. Барлығын уақыт еншісіне қалдырыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз. Басы бос Жылқылардың биылғы жаңа таныстығы махаббатқа ұласып, шаңырақ көтеруі мүмкін. Ал отбасылы Жылқылардың шаңырағы шаттыққа толады. Денсаулыққа немқұрайлы қарамаңыз.
Қой
Қойларға тұрақсыз жыл. Қызметте мансабы жоғарылаған сайын, жеке өмірінде қиындықтар туындайды. Басқалардың көмегінен, ақыл-кеңесінен қашпаған жөн. Жылдың екінші жартысында қаржылық жағдайы тұрақтанады. Дегенмен, үнемшілікпен дос болу керек. Жанына жақын іспен айналысудың реті түседі. Отбасылы Қойлар бала-шағасының тәртібіне көңіл бөлгені абзал. Әйтпесе, қиындықтардан құтыла алмайды. Жалғызбасты Қойлар сыңарын алыстан емес, айналасынан табады. Күзде демалысқа шығып, өз-өзіне қарағаны жөн.
Мешін
Мешін-дердің махаббатта жолы болады. 2020 жыл жеке өмірін өзгертуге ғана емес, қаржылық жағдайын жақсартуға да қолайлы кез. Тиімді ұсыныстар көп түседі. Қапы қалмаңыз. Баспаналы боласыз. Шығыныңыз кірісіңізден асып кетеді. Қапаланбаңыз. Нар тәуекелге бел бусаңыз, өкінбейсіз. Мешіндерге көп тер төгуге тура келеді. Жұмыстан қашпаңыз. Басшылыққа да, әріптестеріңізге де өз-өзіңізді көрсететін сәтті қалт жібермеңіз. Отбасылы өміріңіз бір қалыпты өтеді. Өмірлік серігіңіз сізді әрдайым қолдайды. Өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Тауық
Тауық-тарға қолайлы жыл. Сәттілік Тауықтардың жағында. Ойыңызға алған армандарды жүзеге асыратын жыл. Қызметте де өзіңізді жақсы қырынан көрсетіп, табысқа кенелесіз. «Шығын шықпай, кіріс кірмейтінін» естен шығармаңыз. Бәріне де дайын болыңыз! Отбасы мүшелерімен сөзге келмеңіз. Әйтпесе, аңдамай сөйлеген, ауырмай өледінің кебін киюіңіз мүмкін. Жалғызбасты Тауықтар махаббатыңыз сәтсіздікке ұшыраса, қапаланбаңыз. Сізді басқа да қызықтар күтіп тұр. Соны көре біліңіз. Шипажайда демалудың реті туса, бас тартпаңыз, жұмыс күтеді.
Ит
Иттердің айы оңынан туады. Дегенмен менмендікке салынудың қажеті шамалы. Қолдағының қадірін біліп, шүкіршілік еткен жөн. Әйтпесе, бармақ тістеп қалуы ғажап емес. Отбасыңызда түсінбеушілік туындаса, мәселені ақылмен шешіңіз. Қаржылық мәселеде абай болыңыз. Күмәнді іске қаржы құймағаныңыз абзал. Әйтпесе, тақырға отырып қалуыңыз мүмкін. Жалғызбасты Иттер серігін іздейді. Жаз мезгілінде бас ауруы мазалауы ықтимал. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз.
Доңыз
2020 жылы Доңыздарға еңбектенуге тура келеді. Жұмы-сыңызға кері әсерін тигізетін «нәрселермен» айналыспаған жөн. Шығармашылық қабілетіңізді шындауға мүмкіндік туады. Мархабат! Өзгелерге ақыл айтудан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жеке өміріңізге де көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Қомақты сомада несие немесе қарыз алмаңыз. Балаларыңызбен, екінші жартыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Махаббатта жолы болмай жүрген Доңыздарды күз мезгілінде айы оңынан туады. Денсаулықты да ұмытпаңыз. Дұрыс тамақтаныңыз.
«Оңтүстік Рабат», №1-2, 8 қаңтар 2020 ж