ТОҚТЫ (21.03 — 20.04)
Жаңа жылдың ақпанында бұрын байқамаған жаңа мүмкіндіктеріңіз ашылады. Көктем келе өміріңізде жаймашуақ кезең туады. Өз-өзіңізге сенімділік арттыратын жайттар көбейеді. Жаңа іс, жобалар бастауға өте қолайлы кез. Басыңыз тұнған идея. Соны іске асыруға шабытыңыз артады. Маусым айы қызметіңізде сәттіліктерге жол ашылады. і. Жаздың қалған айлары аздап көңілсіз өтуі мүмкін. Бірақ күз басында қаржылай жағдайыңыз жақсарады. Жылжымайтын мүлік сатып алу не тағы басқа да қомақты сауда жасайсыз. Жыл соңы бұрын білмеген, ерекше адамдармен танысу сияқты қызықты сәттерімен есте қалады.
ТОРПАҚ (21.04 — 20.05 )
Торпақтарды жақсы жыл күтеді. Жылдың бірінші жартысы жайлы және риясыз өтеді. Салқынқандылықты жоғалтпаңыз. Эмоцияға беріліп, қателікке бой алдырмаңыз. Ақпанда қанша тырыссаңыз да ісіңіз алға баспауы мүмкін. Әйткенмен көктем келе барлық салада жолыңыз ашылады. Жұмысыңызда, жеке өміріңізде ақ жолақ басталады. Тамызда біршама қиындыққа тап келесіз. Отбасыңыздың қолдауымен қиындықтан шығасыз. Күзде, әсіресе, қазан айында денсаулығыңызға мән беріп, күтінгеніңіз дұрыс. Жыл соңы өзіңіз қалаған ісіңізбен айналысуға мүмкіндік туады. Өміріңізде маңызды рөл ойнайтын адамдарды жолықтырасыз.
ЕГІЗДЕР (21.05 — 20.06 )
Жыл қарама-қайшылықпен басталуы мүмкін. «Дұрыс келе жатырмын ба, аралас-құралас адамдарым шынымен жақсы ма?» деген сауалдарға бас қатырасыз. Ақпанда тіпті, ұрыс-керіске дейін барып қалуыңыз кәдік. Дегенмен, кейін жайлы кезең туады. Ешқандай қиындыққа тап келмейсіз. Бәрі өз ағымымен, сіз күткендей өтеді. Жыл ортасында ынтық сезімге толы романтикалық қарым-қатынас туындайды. Жазда коммерциялық мәселелерді шешсеңіз, күзде жыл бойына жеткен нәтижеңізге қуанасыз. Жеке және қызметіңізде жақсы жаңалық болады, жаңа мүмкіндіктер туады.
ШАЯН (21.06 — 22.07)
Жылдың алғашқы айлары жайлы болмауы мұмкін. Отбасы және жақындарыңыздың арқасүйер адамына айналасыз. Көп жауапкершілік артылады. Өз істеріңізді кейінге шегеріп, сол үшін өзіңізді жегідей жей бастайсыз. Қолайлы кез сәуір айының ортасынан туады. Барлығы бір ағысқа түсіп, жақсарады. Бұрын мазалап жүрген мәселелер достарыңыздың арқасында шешімін табады. Осы кезде болашаққа жаңа жоспарлар құрасыз. Күзде тышқан жылына ренішіңіз сейіліп, жеткен жетістіктеріңізге көңіліңіз шаттанады.
АРЫСТАН (23.07 — 22.08)
Жыл басы арыстандарға сәтті де жайлы өтеді. Жаңа жылдың алғашқы айлары бұрын істей алмаған тірліктеріңіз жүреді. Жеке өміріңізге және жұмысқа қатысты маңызды шешім қабылдайсыз. Кейбір арыстандар некелеседі. Наурыз және сәуір айлары қиын өтуі ықтимал. Мүмкін болса, маңызды істерді жоспарламағаныңыз абзал. Алыс сапарға да шықпаңыз. Маусымнан бастап, тірлігіңіз оңалып, көңіл-күйіңіз жақсарады. Шығармашылыққа ден қойыңыз. Жыл соңына дейін қызық және ерекше нәрселер жасайсыз. Желтоқсанда өз-өзіңізге есеп беретін кез. Келер жылды жоспарлайсыз. Бәрі өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
БИКЕШ (23.08 — 23.09)
Жыл сәтті басталады. Алғашқы айларында жұлдызыңыз оңынан туады. Қаңтар-ақпанда басқаларды жаңа істерге, жаңа шыңдарға жетелейсіз. Көпке үлгі боласыз. Серіктес, пікірлес достар тауып, жаңа жоба бастайсыз. Ой түбінде жатқан ескі жобаңыз іске асуы ықтимал. Сәуірден бастап кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Күрес көбейеді. Бірақ, ағысқа қарсы жүзу ешқашан оңай болмайды. Мұны ұмытпасаңыз, күзде еңбегіңіздің жемісін көресіз. Қазанда жаңа мүмкіндіктер күтеді. Желтоқсанда алға жаңа мақсаттар қойып, келесі белестерді бағындыруға кірісесіз.
ТАРАЗЫ (24.09 — 23.10)
Жыл жемісті, бірақ аздап мазасыздау басталуы мүмкін. Сіз күтпеген жайттар болып, тез-тез алмасуы, тіпті сізді абдырата бас-тайды. Кейбір шешімдерді қабылдауда сақ болыңыз. Әсері басқаларға тиіп кетуі мүмкін. Дегенмен, кейбір тығырыққа тірелген сәттерде шешім тауып кетесіз. Жылдың алғашқы сәтінде болған жайттар өмірге көзқарасыңызды өзгертеді. Құндылықтарыңыз өзгеруі мүмкін. Бұрын маңызды болған істерден бас тартуыңыз да әбден ықтимал. Ең қызық сәттер жыл соңында күтеді. Жыл бойына жеткен жетістіктер, жаңа орта сіздің дұрыс жолда екеніңізді көрсетеді. Өзіңізді мақтан тұтасыз.
САРЫШАЯН (24.10 — 21.11)
Жаңа жылдың басы қарбалас басталады. Кінәліні іздемей, бірден мәселелерді шешуге кіріссеңіз, көп нәрсе ұтасыз. Ақпан, наурыз, сәуір айлары сәтті өтеді. Жұлдызыңыздың оңынан туғанын пайдаланып, үлкен істердің бастауын осы кезеңге қойыңыз. Өзгеріңіз, өсіңіз. Жаңа жолда, жаңа істе жаңа серіктестер табасыз. Мамыр-қыркүйек арасы біршама қиын өтуі мүмкін. Жеке өміріңізде де күрделі кезең туады. Дегенмен, өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз, сонда қиындықтарды еңсересіз. Қазан айынан бастап жаңа шыңдарға шығасыз. Жаныңыздағы адамдарды жақыннан танып, ортаңызды реттеп алатын сәт дәл биыл болады.
МЕРГЕН (22.11 — 21.12)
Жылдың алғашқы айлары сәтті өтеді. Жаңа білім алып, соның жемісін көп ұзамай көресіз. Осы кезде ішкі түйсігіңізге құлақ асқан жөн. Жыл басы жаңа мүмкіндіктерге толы. Наурыз-тамыз аралығында істейтін шаруаларыңыз бастан асады. Бірін бітірсеңіз, келесісі дайын тұрады. Бірақ, бұл қарбалас пен әурешіліктен соң, жарқын кезең туады. Жыл соңы қалыпты, жайлы өтеді. Біраз қалауыңыз бен армандарыңыз орындалады. Жұмыста келешегі бар ұсыныстар туады.
ТАУЕШКІ (22.12 — 19.01)
Жаңа жыл әрқилы сезімдердерге толы өтеді. Бірде зеріктірсе, енді бірде қызықтырады, енді бірде мазасыз болса, тағы бірде шаттыққа бөлейді. Кейде боп жатқан жайттарды өзіңіз бақылаймын деп ойлайсыз, алайда мұндай мүмкіндік туа бермейді. Көп жағдайлар сіздің жоспарыңыз бен көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Сәуірге дейін қажет ақпаратты жинақтап, керек адамдарыңызбен аралассаңыз, басқаша бір шешімге келесіз. Мамырдан бастап еңбекке кірісіп, басыңыздан өтетін күндер оңайға соқпайды. Қалған айлар жайлы өтеді. Ісіңіз өрге жүре бастайды. Мақсатыңыз бен жоспарыңыз дәл осы кезде нақты айқындалады.
СУҚҰЙҒЫШ (22.01 — 18.02)
Бұл жылдан көп нәрсе күтпегеніңіз абзал. «Оңай жетістікке жетемін» десеңіз, қателесесіз. Дегенмен, ұтымды сәттер де туындайды. Тек соны тиімді пайдаланыңыз. Биыл үлкен арманыңыз орындалады. Наурыз ортасына дейін ісіңізді бір ретке келтіріп алсыз. Адам таңдауда, адам тануда пысық болыңыз. Сонда ғана ісіңіздің жүріп кетуіне ықпал етесіз. Мамыр және жаз айлары романтикалық кез болады. Жеке өміріңізде бақыт орнайды. Иллюзияға берілмей, сезіміңізді тежеп отырғаныңыз дұрыс. Қазан – қаржыңызды жақсартуға қолайлы ай. Ірі келісім-шарттар жасалып, өмір сапасын жақсартасыз.
БАЛЫҚТАР (19.02 — 20.03)
2020 жыл сізге қатты ұнайды. Жыл басы жұмыста келеңсіздікпен басталса да тәжірибеңізге және біліміңізге сеніңіз. Жұмысыңызды суда жүзген балықтай сезінесіз. Сондай-ақ, жұмыста басқаларға оң әсер қалдыратын қасиетіңіз де көп нәрсе шешеді. Өзіңізге демалыс жариялаңыз. Денсаулығыңызды ойлап, демалыс орындары мен сауықтыру кешендеріне барыңыз. Жаздың басы шаршатса, жыл соңы ең жарқын, ең тәтті сәттеріне толы. Саяхатқа тамыз айы өте сәтті. Күз – миды тынықтырып, жеке өміріңізге мән беретін мезгіл.
«Оңтүстік Рабат», №1-2, 8 қаңтар 2020 ж