Абай ауданының әкімі тағайындалды

831

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс бірінші сессиясында депутаттар Абай ауданының әкімі лауазымына Бұхарбай Рысқұлұлы Пармановты тағайындауға бірауыздан келісім берді.

Сессия отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аудан әкімі лауазымына ұсынылған Бұхарбай Рысқұлұлының кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін халық қалаулыларына алғыс білдірді.

Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметінен бастаған.

1987-2018 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі лауазымын атқарған.

2018-2019 жылдан Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымын, 04.09.2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.