«Наурыз-Думан» іс — шарасын өткізуге 40 млн. теңге бөлінді

259

Облыс мәслихатының кезектен тыс 46 сессиясында  депутаттар Түркістан облысы бюджетін нақтылады.

Мәдениет саласына бөлінген қаражатқа тоқталсақ. Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың мәлімдеуінше,

40 млн. 300 мың теңге «Наурыз-Думан» іс — шарасын өткізуге  бағытталды. Отырар ауданындағы  Әл-Фараби облыстық мұражайының жөндеуіне 15,5 млн. теңге, Ордабасы ауданындағы Қажы Мұқан спорт мұражайының күрделі жөндеуіне 65 млн. 400 мың теңге қарастырылды.

Шынар Оразова