Шымкент қаласындағы тұрғындардың 3,5 пайызы мүгедек. Осылай деген қаламыздағы әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы олардың саны өткен жылы 1000 адамға көбейгенін айтады.
Осылайша бүгінде шаһар бойынша 36 631 мүгедек тіркеуде тұр. Қатары артқан мүмкіндігі шектеулі жандар жағдайы да жеңілдетілмек. Ол үшін жаңа жылдан бастап жаңа портал іске қосылыпты. Оған кіріп барлық керек-жарағын әлеуметтік қызмет порталында таңдауға мүмкіндік бар.
«Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар өзіне қажетті затты алу үшін бірталай құжат жинау керек болған. Енді тек жеке қуәлік қана қажет. Мүгедектік құжатын алу үшін де бірнеше рет сабылмай, кеңес алуға бір рет келу жеткілікті екен. Осылайша мүгедектер жағдайын жеңілдеттік» дейді Төрехан Дауытов.
Назерке Үкібасова