Шымкентте 6 жасар баланы қағып кеткен жеткіншек сотталды

161
сот үкімі

Шымкентте 6 жасар баланы көлікпен қағып, ажалын арқалаған жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты.

17 жасар кәмелетке толмаған жеткіншек енді 1 жылға сотталды. Үкім Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

Дәурен Сайханов

Дәурен Сайханов, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Сот  үкім етті:Т.Абдимуминұлы ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды».

Еске салайық, 2019 жылдың 29-қыркүйегінде Шымкенттегі Әлімбеков көшесі бойында 17 жасар кәмелетке толмаған өз жүргізуші куәлігі және міндетті сақтандыру полисі жоқ екендігіне қарамастан, «Mitsubishi Outlander» көлігін аса жоғары жылдамдықпен басқарған. Осылайша, жолдың оң жақ жиегінде отырған 2012, 2008 және 2009 жылы туылған ойынбалдарын қағып кекен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан, екеуі әр түрлі дене жарақаттарын алып, 6 жасар бала оқиға орнында қаза тапқан болатын.

Мөлдір Бекеева