Шымкентте Наурыз мерекесі қарсаңында жалпы қалалық сенбілік өтті. Көшелерді, аулаларды тазалау жұмысына 46 мыңнан аса тұрғын атсалысты.

Сенбілікке 60-тан астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 210 345 шаршы метр аумақтан 295 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Жалпы ұзындығы 385,4 метр ирригациялық арық, 31 271 шаршы метр жол жиегі тазаланды.

Сонымен қатар, жасыл желекті түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында 8160 ағаш əктелді. Және алты мыңға жуық көшет отырғызылды.