Шымкентте мектеп бітіруші түлектер ағаш екті

0

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Шараға биыл бітіруші түлектер де қосылды. Бүгін олар мектеп ауласына ағаш екті. Осылайша өзінен кейінгі сынып оқушыларына үлгі-өнеге көрсетті.

Еліміздің бітіруші түлектері жаппай ағаш егіп жатыр. Мегаполистегі жас түлектер бүгін мектеп ауласына көшет отырғызып, тәлім алған білім ордаларына естелік қалдырды. Шараға белсене қатысушылардың бірі – Гүлнұр Убайдулла. Ол жастарды айналаны таза ұстап, тал егу челленджіне қатысуға шақырды.

Гүлнұр Убайдулла, Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі: «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші. Ата-бабаларымыздың өркениетін орындап, осындай акцияларға өз үлесімізді қосуға шақырамын. Және мен де өз үлесімді қосуға уәде беремін. Түлектердің ағаш егу челленджіне баршаңызды шақырамын»

Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясының аясында өтіп жатыр. Челлендждің мақсаты қоршаған ортаға құрметпен қарайтын, тазалыққа жаны жақын ұрпақ тәрбиелеу.

Аягөз Қансейітова, “Экология, өлкетану және туризм орталығы” КММ бөлім меңгерушісі: «Қазіргі таңда мектептің жас түлектерін осы челленджге қатыстырып жатырмыз. Челлендждің мақсаты табиғат пен адамды байланыстыру. Және өзінен кейінгі төменгі сыныптарға үлгі болу. Жас түлектер артынан осындай сауапты іс қалдыруына себепкер болу»

Акция аясында Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінің ауласы 30-дан аса ағашпен толықты. Айта кетейік, бұл шара қаладағы барлық білім ордасында өтті.