Neonomad.kz

 Былтыр Түркістанда 1 261 құқық бұзушылықтар тіркелген. Мұны былтырғы жылды қорытып, қорытынды есебін берген қала әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.

Айтуынша, ауыр 213 жағдай тіркеліп, бұрнағы жылмен салыстырғанда 69 пайызға артса, аса ауыр қылмыстар бойынша 8 жағдай өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеген.

Қасақана кісі өлтіру бойынша 1, бұзақылық 49, ұрлық 614, пәтер тонау 200 жағдай, мал ұрлығы — 9, алаяқтық 205 есірткі бойынша 33 жағдай тіркелген. Тіркелген қылмыстардың 83 пайызы ғана ашылған.

Мақпал Рысбаева