Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков ақпан айының бірінші он күндігінде былтыр атқарған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берген болатын.Кездесу барысында аудан басшысы елдімекендерді сапалы электр жарығымен қамту бағытында қолға алынған жобалармен таныстырды.
«Аудандағы 21 елдімекендегі 49 көшеде электр желілері мен бағаналар мен трансформаторлар жаңаланады. Бұл мақсатта бюджеттен 1 млрдтан астам қаржы қарастырылды. Атап айтқанда:
Көксәйек ауылындағы 8 көшедегі жүйені жаңалауға 186 млн. теңге
Қасқасу ауылындағы 8 көшеде жаңа бағаналар мен электр желіні орнату үшін 213 млн.
Қоғалы ауылындағы 4-көшеге -101 млн тн.
Алатау ауылындағы 19 көшеге-252 млн. тн.
Тасарықтағы 7 көше-246 млн.
1 мамыр ауылындағы 3 көшеге 99 млн теңге бөлінді.