Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды Компания жаңалығы 

Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды

Мақтаарал ауданындағы Мақталы қосалқы станциясында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Баламасы жоқ су жаңа жабдықтар Ресейдің Санкт Петербург қаласынан алдырылды. Мақталы қосалқы станциясы — Мырзашөл өңіріндегі маңызды нысанның бірі. Алты бірдей елдімекенді сапалы электрмен қамтуда қуат таратушы негізгі орын болып саналады. Сондықтан қосалқы станцияның қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Мақталы қосалқы станциясында тозығы жеткен майлы 35 кВ Т-1 ажыратқышы қазіргі заманауи элегазды ажыратқышқа алмастырылды. Ал 10 кВ КРУН майлы ажыратқыштары су жаңа вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды….

Read More
Отырар мен Түркістандағы негізгі электр желілері жаңартылды Компания жаңалығы 

Отырар мен Түркістандағы негізгі электр желілері жаңартылды

Оңтүстікте Отырар ауданы мен Түркістан қаласының бас қосалқы стансаларын байланыстыратын желі түгелдей жаңартылды. Шөлейт пен құмды даланы жалғаған сымның ұзындығы бақандай 76 шақырымды құрайды. Энергетиктер аталған ауқымды тірлікті 2 айдың ішінде тәмамдап үлгерген. Айта кетейік, бұл жұмыстар «Оңтүстік жарық транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бүгінде облыстың аудандарындағы халық белсенді. Оған шағын және орта кәсіптің өркендеуін қосыңыз. Осыған байланысты аудан-ауылдардағы қалың қауымның электр энергиясына деген сұранысы да анағұрлым артып отыр. Осы мәселеге ден қойған «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС өзінің 110 киловольттық № 169 желісін түгелдей жаңартуға…

Read More
Кентауда жаңа электр желісі тартылуда Компания жаңалығы 

Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

Кентауда жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын жаңа желі тартылуда. Арнайы оқшауланған сым шаһар маңындағы Хантағы ауылын да жалғап жатыр. Сонымен қатар 11 трансформатор қондырғысы жаңалану үстінде. Бұл — «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеул серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыс болып отыр. Жаңа бағаналар мен арнайы оқшауланған желінің тартылып жатқанына әсіресе, Хантағы ауылының әлеуметі ерекше қуанышты. Жарты ғасыр бойы ақтүтек боран мен Қаратаудың қара желіне шыдас берген ағаш бағаналардың тозығы жетіп, алмастырылып жатыр. Ауылдың ақсақалдары сол кезеңді көз көргенін айтады. Ендігі ауыстырылып жатқан жаңа бағаналар мен желілер елді мекенге…

Read More
Электр қуаты Жаңалықтар 

Күн суытқалы электр энергиясын тұтыну күрт артты

Күн суытқалы бері электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артты. «Оңтүстік жарық транзит» мекемесі берген мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Оңтүстік өңіріне сағатына 432 мегаватт электр энергиясы жеткізілуде. Оның 97 мегаваты өзіміздің өңірімзде өндіріледі. Ал 336 мегаваты өзге облыстардан тасымалданады. Атап айтқанда жарықты Қарағанды, Екібастұз және Жамбыл ГРЭС-інен алып отырмыз. Байтұрсынов көшесіндегі мына көлік кептелісі бағдаршамның істемей қалуынан болды. Енді жол қозғалысын қиылыста полициясы қызметкер реттеуге мәжбүр. Толассыз жауған жауын-шашынның соңы қарға ұласып, шымкенттіктерді бір әбігерге салғаны бар. Сулы қардан ағаштар сынып, жолдың бойындағы көліктерге зақым келтірсе, жеке секторда электр жарығы жиі сөнген….

Read More
Түлкібаста жаңа электр желілері пайдалануға беріледі Компания жаңалығы 

Түлкібаста жаңа электр желісі пайдалануға беріледі

Түлкібас ауданында су жаңа электр желілері жуырда пайдалануға берілмек. Келте Машат қосалқы станциясынана шыққан 10 кВольт электр жүйелеріне алғаш рет реклоузер автоматты қондырғысы да қоса орнатылып жатыр. Бұндай құрылғы өңірімізде тұңғыш рет қолданысқа енгізілуде. Қолға алынған бұл ауқымды тірлік «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жаңғырту бағдарламасының аясында мүмкін болып отыр. Тау баурайындағы Түлкібас ауданына қарасты Келте Машаттан сонау түкпірдегі Дәу баба ауылына дейін ұзыннан ұзақ жаңа электр желілері тартылып жатыр. Ұзындығы 32 шақырымдық желілердің пайдалану мерзімі 40 жылдан асқан. Соның 8 шақырымы былтыр жаңартылса, биыл қалған 24 шақырымға жуығы жаңғырту бағдарламасына…

Read More
Шұбарсудағы электр дауы Жаңалықтар 

Шұбарсудағы электр дауы

Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса! Кооперативтің жарғысын жалау еткендер жарықтан үзіп тастады деп ашынады Шұбарсу саяжайының бірқатар тұрғындары. Мұндағы «Землянка» бағбандық шаруашылығы төрағасымен өзара келісе алмаған жергілікті жұрт даудың туындауына бірнеше себеп бар дейді. Айтуларынша, кооператив әу баста электр желілерін талапқа сай тартпаған. Ал мұны басып айтқан тұрғындарды қараңғы қапаста қалдырып отыр. Шұбарсуда тұрақтап қалған 75 жастағы Софья Черепова ширек ғасырдан астам кооператив құрамында болған. Сол 30 жылдан бері зейнеткер бағбандық шаруашылықта шу шыққан емес деп отыр. Бірақ былтыр кооператив төрағасы әр отбасыдан 15 мың теңгеден жинап, дербес электр…

Read More