Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қалалық әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ол жергілікті тұрғыннан — кәсіпкерден — шағын және орта кәсіп ашу мақсатында жер телімін бергені үшін жалпы сомадан 530 мың теңге алды деген күдікке ілінген», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Тергеу шаралары жалғасады, нақты шешімді сот шығарады.