21 наурыз кешке Нұр-Сұлтанда 1985 жылғы әйелдің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді, 22 наурыз таңертең тағы екі адам қосылып отыр

Елордада тағы екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«22 наурыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді», – делінген хабарламада

21 наурыз 22.30-да елордада 1985 жылғы әйелдің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Ол бұған дейін вирус табылған пациентпен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті.

Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2, Алматы облысында бір адам тіркелді.