Бір тәулікте 19 адам қауіпті індетті жеңіп шықты

39

Елімізде өткен тәулікте 9 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.

Ел бойынша індеттен 19 адам жазылып шықты. Оның арасында Шымкент пен Түркістан облысынан ешкім жоқ. 22 сәуірдегі жағдай бойынша елде 1 738 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 100-і стационарға жатқызылса, 1 638 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 8 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 477 068 адамға жетті.

2-ші компонентін 9 227 495 адам салдырды. Республика бойынша 3 695 527 адам ревакцинация жасатты. Ал Шымкентте 601 289 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 591 407 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 871 , II компонентін 1 045 998 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.

Мөлдір Ибадуллаева