фото inform.kz

26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайдыcoronavirus2020.kz.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.