Úı ANONS Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

inform.kz

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», — деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.