Тәждітажалдың Шымкентте анықталғаны алыпсатарлардың саудасын қыздыруына септігін тигізіп отыр. Алдын 150, кейіннен 200 теңгеге көтерілген бетперде бүгінде 300 теңгеге бір ақ секірді.
Базарларға бетпердесіз кіргізбейтіндігі туралы талаптан соң тіпті алыпсатарлардың «айы оңынан туғандай». Бірақ қаладағы барлық дәріханалардан бетперде табу мүмкін емес.
Базар алдында бетпердені 300 теңгеден сатуда. Азық-түлік қамымен келгендер базарға кіру үшін амал жоқ қымбат та болса сатып алуға мәжбүр.
Қырғы базарға бетпердесіз кіргізбейді. Ал оның бағасы 200-300 теңге.