Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирустың өршуі пандемия деңгейіне жеткенін жариялады. Себебі вирус көптеген елде және құрлықтарда тарап үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме жасап.
«Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Және бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. […] 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды», — деп мәлімдеді ДДҰ. ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Covid-19 таралуының жаңа классификациясы жаңа коронавируспен қалай күресу керектігі туралы ұсыныстарға өзгеріс енгізбейді.
«Жағдайды пандемия деп жариялау ДДҰ-ның аталмыш коронавирустан келетін қауіптің бағалауын еш өзгертпейді. Бұл, ДДҰ жасап жатқан шараларға және елдер жасауы тиіс шараларға әсер етпеуі тиіс», — делінген ұйымның ақпаратында.
Осы ретте, Тедрос Адханом Гебрейесус ел үкіметтерін «шұғыл әрі агрессивті шаралар» қабылдауға үндеді. Ал ДДҰ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында келтірілген ұйым басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы күндері вирустың өршуі күтіліп отыр. «Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. ДДҰ бұл індетке тәулік бойы бағалау жүргізуде және біз оның таралу жылдамдығына , ауырлығына, сондай-ақ шарасыз отырудың қуіпті деңгейіне алаңдаушылық білдіреміз. Сондықтан, COVID-19-да пандемия деп мипаттауға болады деген бағалау жасадық», — деді Т. Гебрейесус.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясына сәйкес, эпидемия – аурудың бір өңірде кенеттен тарауы. Ал пандемия – аурудың әлем бойынша белең алуы. 11 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирусты 118 елде 118 140 адам жұқтырды, 4293 адам көз жұмды.