Пәтер иелері келесі жылдан бастап қайта салық төлейді

27
фото Тенгри

Пандемия кезінде салықтан босатылған пәтер иелері келесі жылдан бастап қайта салық төлейді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша коронавирус алқымнан алған тұста пәтерді жалға берумен айналысатын 84 мыңнан астам кәсіпкерге жеңілдік жасалған.

Олар үш жыл салық төлеген жоқ. Енді олармен қоса, тұрғын үй жалдау нарығында жасырын жұмыс істейтіндерді де тіркеп, салық төлету көзделіп отыр.