Карантиннен қашқан шымкенттік азаматтың үстінен іс қозғалды

183

Қазақстан Республикасы аумағында короновируске қатысты карантиннен қашқан азаматтар бойынша осымен 2 іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізде болса, бірінші жайт Алматы қаласында тіркелді. Ал, бүгін Түркістан облысы Полиция департаментімен екінші дерек анықталып, тіркелді.

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғынына қатысты іс тергелуде

10 наурыз күні Шымкент қаласының тұрғыны Мәскеу қаласынан Алматы қаласына рейспен келген. Осы рейстің жолаушыларының бірінде короновирустың анықталуына байланысты, Арыс қаласының жедел жәрдемімен ер адам Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілген. Содан соң ер адам Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, алайда ол белгісіз бағытқа қарай бет алып, қашып кетеді.

Арыс АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қашып кеткен ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен ұсталды. Содан кейін Арыс қаласының жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге ер адам қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, ер адам Вьетнамда жұмыс істеп, короновирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.