Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

201

Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ОТЫРАР. Белгілі болғандай, қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деп айыпталуда.

«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады», – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.