Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты мал базарда сақтық шаралары қатаң қолға алынған. Базарға келген көліктер дизенфекцияланып, келушілер базарға маскамен кіруде.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін базарға кіреберіс орындарда арнайы бетперделер сатылуда. Бағасы 200 теңгеден. Оларды жуып, бірнеше рет қолдануға болады.

Залалсыздандыру жұмыстары базар басшылары мен аудан әкімдігінің аппарат басшысы Димаш Дәуренбековтың қатаң бақылауында.