Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті. Баға бақылауда

178

Бүгін арнамыздың түсіру тобы Шымкенттегі ісі сауда дүкендері мен базарларды аралаған болатын.

Қаладағы сауда орындарындағы ахуал бірқалыпты. Тұрғындардың дүрлігуі мен азық-түлікті көптеп сатып алып жатқаны байқалмайды. Касса алдындағылар күнделікті тұтынатын мөлшерде алған затына ғана есеп айырысып тұр. Сатушылар баға тұрақты және барлық өнімдердің қоры қоймаларда жеткілікті екенін айтады.

Көтерме базарда да жағдай осындай. Аса дүрлігу жоқ. Бұл жерде азық-түдікті молынан алып жатқандар шалғай ауылдан келген көпбалалы отбасылар.
«Қазір 4-5 қап ұн, бір қап құмшекер аламын. Макарон өнімдерін алып қойғанмын»,- дейді төлебилік тұрғын. Галина Шулекина болса,  күнделікті тұтынатын тауарларды дүкенге келіп  аламын. Шу шығарудың қажеті жоқ» дейді

Сатушылар «сауда сөрелерін отандық тауар өндірушілердің толықтырып отырғанын айтады. Сондықтан, дүрлігуге еш негіз жоқ. Ұн мен сүт өнімдері барлығы өзімізде шығарылады. Бағасы да өзгерген жоқ»,- дейді.

Сатушы Гүлзада Тойшиева «сауда күнделікті, табысымыз да сол көлемде. Тек макарон өнімдерін көптеп саттық» дейді.

Халық жиі тұтынатын негізгі азық-түлік түрлері тұрақтандыру қорында да жеткілікті. Оның үстіне баға мәселесі де бақылауда.

Шынар Оразова